Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Мемлекеттік терминология комиссиясын құру туралы» 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және
жоғары білім министрінің «Мемлекеттік
терминология комиссиясын құру туралы»
2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 48 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығының 2-тармағына сәйкес және қазақ тілі терминологиясы саласындағы жұмыстарды жүйелеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- Бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық терминология комиссиясын құру туралы».
- Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы ережеде (бұдан әрі – Ереже):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық терминология комиссиясы туралы ереже»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар тұжырымдайтын консультациялық-кеңесші орган болып табылады.».
- Республикалықтерминология комиссиясының құрамы осы бұйрықтың № 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Ережеге қосымша осы бұйрықтың № 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндетін атқарушы Т. Ешенқұлов
70
15 мамыр 2023 18:12
15 мамыр 2023