Қостанай облысы Денисов ауданында орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама
Көру саны:65
Жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс
Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігі 2021 жылғы 7 желтоқсанда сағат 10:00-де, мерзімі 10 жылға шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайталама конкурс мына мекен-жайда: Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 5, (аудан әкімдігінің ғимараты) лоттар бойынша өткізіледі:
|
№ п/п |
Орналасқан жері |
Алаңы, га. |
Алқаптардың құрамы |
Топырақтың сапалық сипаттамасы |
Бонитет балы |
Сумен қамтамасыз етілуі |
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
Жалдау мерзімі
|
|
1 |
Аршалы ауылдық округі (№ 139-6 алқап) |
255,2 |
жайылым – 254,5 га, оның ішінде тамырлы жақсартылған – 125,5 га |
оңтүстік қара топырақты аз гумусты |
27 |
жоқ |
мал шаруашылығы |
10 жыл |
|
2 |
Глебовка ауылы (елді мекеннің арғы шегінде) (№30-7 алқап) |
153,7 |
жайылым – 153,5 га, оның ішінде тамырлы жақсартылған – 153,5 га |
оңтүстік қара топырақты аз гумусты |
20 |
жоқ |
мал шаруашылығы |
10 жыл |
|
3 |
Глебовка ауылы (елді мекеннің арғы шегінде) (№ 19-3 алқап) |
196 |
жайылым – 195 га, оның ішінде тамырлы жақсартылған -177 га |
оңтүстік қара топырақты аз гумусты |
20 |
жоқ |
мал шаруашылығы |
10 жыл |
|
4 |
Глебовка ауылы (елді мекеннің арғы шегінде) (№ 19-3 алқап) |
343,5 |
жайылым – 342,8 га, оның ішінде тамырлы жақсартылған -333 га |
оңтүстік қара топырақты аз гумусты |
20 |
жоқ |
мал шаруашылығы |
10 жыл |
|
5 |
Глебовка ауылы (елді мекеннің арғы шегінде) (№ 12-н алқап) |
523,5 |
жайылым – 512,3 га |
оңтүстік қара топырақты аз гумусты |
17 |
жоқ |
мал шаруашылығы |
10 жыл |
|
6 |
Покров ауылдық округі (№ 69-1 алқап) |
263,3 |
егістік – 263 га |
оңтүстік қара топырақты аз гумусты |
16 |
жоқ |
өсімдік шаруашылығы |
10 жыл |
|
7 |
Покров ауылдық округі (№ 68-1 алқап) |
307,8 |
егістік – 306 га |
оңтүстік қара топырақты аз гумусты |
12 |
жоқ |
өсімдік шаруашылығы |
10 жыл |
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20.12. № 518 бұйрығы) өтінімді қабылдау және тіркеу 2021 жылғы 22 қараша пен 6 желтоқсан аралығында «Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-де (сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен) Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 5 үй, 48 кабинет мекен-жай бойынша жүргізіледі. Конкурстық құжаттама туралы ақпаратты denisovka.kostanay.gov.kz веб-сайтынан алуға болады. Ақпарат үшін телефон 8 (71434) 2-19-57.
04 қараша 2021
04 қараша 2021