Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жер ресурстарын басқару комитеті Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 12 мамыр мен                       23 маусым аралығында Комитет қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – ішкі талдау) жүргізуді жоспарлайды.

Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. талдау объектісінің қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ішкі талдаумен қамтылатын кезең: 2025 жылғы 1 мамырдан 2026 жылғы 30 сәуірге дейін.

          Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Жарияланған күні

23 сәуір 2026

Жаңарту күні

23 сәуір 2026

Қызмет бағыты