«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару Департаменті» РММ-нің қызметіндесыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті (әрі қарай-департамент). «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 –бабының 5-тармағына сәйкес  2026 жылғы 12 мамырдан 2026 жылғы 23 маусым аралығында Департамент қызметіндегі келесі бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай- Ішкі талдау) жүргізуді жоспарлағанын хабарлайды:

  • Талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
  • Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі – 2026 жылдың 1  қаңтарынан бастап       2026 жылдың 1 мамырына дейін.

         Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет ітері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі  Төрағасының 2016 жылғы          9 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.

 

Жарияланған күні

23 сәуір 2026

Жаңарту күні

23 сәуір 2026

Қызмет бағыты