«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу туралы алдын ала хабарлауы
Көру саны:18
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-і (бұдан әрі – Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес 2026 жылғы 12 мамыр мен 2026 жылғы 23 маусым аралығындағы кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі - ішкі талдау) жүргізуді жоспарлап отыр және Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Талдау объектісі қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Талдау объектісінің ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Ішкі талдаудың қамтитын кезеңі 2025 жылғы 1 мамыр мен 2026 жылғы 30 сәуір аралығы.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.
23 сәуір 2026
23 сәуір 2026