«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы минситрлігінің жер ресурстарын басқару комимтеті» Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті РММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Көру саны:18
Маңғыстау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті (әрі қарай-депаратмент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 12 мамырдан 23 маусым аралығында Департамент қызметіндегі келесі бағыттарда бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай– Ішкі талдау) жүргізілетінін хабарлайды:
- талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдаудың қамтитын кезеңі - 2025 жылдың 01 мамырынан бастап 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.
23 сәуір 2026
23 сәуір 2026