«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Көру саны:13
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті (әрі қарай – Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының
5-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 12 мамырдан 2026 жылғы 23 маусым аралығында Департамент қызметіндегі келесі бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізуді жоспарлағанын хабарлайды:
- талдау объектісінің қызметін қозғайты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі – 2025 жылдың 01 мамырынан бастап 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларыа сәйкес жүргізілетін болады.
23 сәуір 2026
23 сәуір 2026