«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті (әрі қарай – Комитет) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес 2026 жылғы   12 мамырдан  2026 жылғы 23 маусым аралығында Комитеттің қызметіндегі  келесі бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізуді жоспарлағанын   хабарлайды:

1)     талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)  талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

       Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі – 2025 жылдың 01 мамырынан бастап                       2026 жылдың 30 сәуіріне дейін.

        Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                     19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.

Жарияланған күні

23 сәуір 2026

Жаңарту күні

23 сәуір 2026

Қызмет бағыты