«АШАІМИ» РМК

Қызмет

Кәсіпорын қызметінің мәні мемлекеттік жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының аэро және ғарыштық түсірулер негізіндегі жоспарлы - картографиялық материалға, сондай-ақ мемлекеттік жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) ауылшаруашылығына арналған жерлерге, сондай-ақ басқа санаттағы жерлерге аэроғарыштық суреттер мен фотожоспарларды тақырыптық шифрларын ашуды және жергілікті жерге байланыстыруды орындайды;

2) графикалық, цифрлық, фотографиялық, электрондық және өзге де нұсқаларда фотожоспарлар, ортофотожоспарлар мен фотокарталар дайындайды, аэротүсірулер мен басқа да зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізеді;

3) кез келген форматтағы графикалық, картографиялық және басқа материалдарды сканерлейді, электрондық жеткізгіштерге жазады және плоттерде басып шығарады;

4) күрделі құрылыс, ауылдық елді мекендерді жоспарлау, қала құрылысы мұқтаждықтары үшін зерттеуді және іздестіруді орындайды;

5) жер-кадастрлық карталарды жасайды және басып шығаруға дайындайды;

6) облыстардың, аудандардың, елді мекендердің әкімшілік шекараларын, оның ішінде жер учаскелерінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман және су қорларының, басқа да санаттағы жерлердің шекараларын айқындау, олардың жергілікті жердегі шекараларын қалпына келтіру, сондай-ақ жерге орналастыру жөніндегі жобаларды (схемаларды) әзірлеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

7) жер алқаптарының, топырақ, геоботаникалық және басқа да контурлардың аудандарын есептейді, жерді пайдалану, аудандар мен облыстар бөлінісінде жер-кадастрлық және табиғат қорғау деректерін талдау мен өңдеуді жүргізеді;

8) мемлекеттік жер кадастрын жүргізу үшін қалалар мен ауылдық елді мекендердің карталары мен схемаларын цифрлық түрде жасайды;

9) басқа мекемелермен, оның ішінде шетелдік ұйымдармен бірлесіп     жер-кадастрлық және табиғи деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін құруға және енгізуге қатысады;

10) жобалау-іздестіру және картографиялық жұмыстардың технологияларын жетілдіруге бағытталған эксперименттік және тәжірибелік-өндірістік жұмыстарды орындайды.