ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Департамент басшысының орынбасары Б. Досымов, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің башысы Б. Жұмановтың қатысуымен «Қызылорда тазалығы» ШЖҚ КМК және «KazStroyCapital LTD Kyzylorda» ЖШС-нің жұмыскерлерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі талаптары, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытын сақтау, жарақаттанудың алдын алу, жұмыскерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Мұндай кездесулер жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ықпал етеді.