Жиі қойылатын сұрақтар

Келісімшарт негізінде әскери қызметке қабылдау Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің статусы» туралы Заңның 38-бабындағы мына талаптар бойынша жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болу;

2) Жасы он тоғыздан кем болмауы тиіс (курсанттарды есептемегенде), сондай-ақ осы Заңмен бекітілген әскери қызметті өткерудің шектеулі жастан (әскери шеніне байланысты) бес жыл кем жастан аспауы керек;

3) Әскери лауазымына сәйкес әскери-тіркеулі білімі болуы керек;

4) Қысқа мерзімді әскери қызметті өткерген болуы керек немесе жоғары орнының  әскери кафедрасын тәмамдаған болуы тиіс, сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің әскери резервін (әйелдерден бөлек) дайындау бойынша арнайы мекемелерінде әскери даярлықтар өткен болуы қажет.

Егер Сіз жоғарыда көрсетілген Заң бабының барлық талаптарына сай келсеңіз, онда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тұрғылықты жеріңізде орналасқан немесе өзіңізге ыңғайлы әскери бөлімдеріне бос орындар болған жағдайда келісімшарт негізінде қызметке орналасу бойынша өтініш білдіре аласыз.