Артқа

Жүнісов Ернұр Бауыржанұлы

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

1999 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Мансап

2000-2025 жылдары Әскери-тергеу басқармасының тергеу бөлімшесінің тергеушісінен ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығына дейінгі әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2025 жылғы маусымнан 2026 жылғы сәуірге дейін – ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаменті бастығының орынбасары (Алматы қ.).

2026 жылдың мамыр айынан бастап — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған.