Артқа

Тоқышев Артур Қалиақпарұлы

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Академияның бастығы

Жалпы ақпарат, білімі

Тоқышев Артур Қалиақпарұлы 1972 жылы 29 маусымда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында дүниеге келген.

КСРО ІІМ комсомол комитетінің 60 жылдығы атындағы жоғары саяси училищесін бітірген, мамандығы – педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі (1989-1993 жж.);

ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясы, мамандығы – командалық-штабтық жедел-тактикалық (1999-2001 ж.);

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, мамандығы – жедел-стратегиялық деңгей басқармасы (2020-2022 ж.)

Мансап

1993 жылдан 2003 жылға дейін – патрульдік рота командирінің орынбасарынан штаб бастығы – әскери бөлім командирінің орынбасарына дейінгі лауазымдарда қызмет атқарды;

2003 жылдан 2012 жылға дейін – 5513, 7552, 6654 әскери бөлімдерінің командирі;

2012-2013 жылдары-Ұлттық қорғаныс университетінің жедел өнер және тактика кафедрасының аға оқытушысы;

2013 жылдан 2014 жылға дейін – ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы Бас штабының бас жедел басқармасы бастығының орынбасары;

2014 жылдан 2020 жылға дейін – Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Бас штабы бастығының бірінші орынбасары;

2022 жылдың 22 тамызынан - ҚР Ұлттық ұлан академиясының бастығы.