ҚР ҚМ ІМАК Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Сәйкестік аудиті бөлімінің бас маманы - мемлекеттік аудиторы, 1-бірлік, "А" блогы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

"Мемлекеттік аудитор" біліктілігі бар мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы

Функционалды міндеттер

Құзыретіне сәйкес аудиторлық іс-шараларды жүргізу. Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына (түзетуге) байланысты шығыстардың, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілдігімен тартылатын қарыздарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ақпараттық жүйелерінің деректері мониторингінің нәтижелері бойынша мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалануға; мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына, бюджеттік кредиттер беруге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің атқарылуын қаржыландыруға, сондай-ақ олардың пайдаланылуына; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына; тәуекелдерді басқару жүйесінің және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттың жүйелерінің негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаларының сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асыру; камералдық бақылауды қоспағанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының рәсімдерін сақтау бойынша аудиторлық іс-шараларды жүзеге асыру; аудит материалдарының кейіннен іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру; бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру; белгіленген заңнамаға сәйкес Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке, заңды түлғалардың, заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумдарының) өтініштерін қарау; сот органдарындағы материалдарды қолдау, сот істерінің талаптарын қарау; Департамент басшылығына мемлекеттік аудит органдарының жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау; әкімшілік іс жүргізуді - әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне тіркеу (әкімшілік есеп); және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер.

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "A" функционалдық блогына (грейд 4) жатады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.03.2026 – 26.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

31.03.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 71-78-10