ҚР ҚМ ІМАК Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бакылау бөлімінің басшысы, 1-бірлік, "А" блогы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

350615

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

"Мемлекеттік аудитор" біліктілігі бар мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және қызметіне жалпы басшылық жасау. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы ақпараттық жүйесі арқылы камералдық  бақылауды жүргізу және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберу. Хабарламалардың орындалуына, камералдық бақылау тәуекелдерінің ұсыныстарын Комитетке сапалы қалыптастыруға және жіберуге бақылауды жүзеге асыру. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы Комитетке ақпарат жіберу. Камералдық бақылау саласындағы заңнаманы жетілдіру. Комитет басшылығына апта сайын, тоқсан сайын, статистикалық, талдамалық ақпаратты қалыптастыру, сондай-ақ "Қаржылық бақылау" кіші жүйесін өзектендіру бойынша бөлімнің құзыреті шегінде ұсыныстар/ұсынымдар дайындау. Заңды және жеке тұлғалардың бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша жолданымдары, өтініштері мен шағымдарын құзыреті шегінде қарау. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесін жетілдіру. Бөлім қызметкерлерінің қызметіне бағалау жүргізу. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, тәртіппен және мерзімдерде бюджет заңнамасы, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға және «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» бағдарламасына (бұдан әрі – ӘӨБТ) ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Комитет пен Департамент басшылығының тапсырмаларын және басқа да міндеттерді орындау. Ақпараттық бағдарламалық жүйелерді бақылауды жүзеге асыру және олармен жұмыс жүргізу (ЦЖО, «БҚА Documentolog электрондық бұлтты құжат айналымы жүйесі», «е-Өтініш», «е-Мұрағат»). Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша, оның ішінде жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ), әлеуметтік желілермен байланыс, әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялар бойынша бөлімнің ақпараттық-талдау жұмысын жүргізу

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "A" функционалдық блогына (грейд 6) жатады.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.05.2025 – 16.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

21.05.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 71-78-10