#control

2022 жылдың 9 айына сапа бақылауының қорытындысы
2022 жылдың 9 айына сапа бақылауының қорытындысы

Комитет 2022 жылдың 9 айында аумақтық Департаменттердің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізді.

Көрсетілген кезеңде сапа бақылауымен347 аудит материалдары, оның ішінде344 ІМАД-нің материалдарыжәне3 Комитеттің орталық аппаратының материалдарықамтылды.

Екінші деңгейдегі сапаны бақылау нәтижелері бойынша38 материал Стандарттарға сәйкес келмейді деп танылды,оның ішінде35 ІМАД-нің  материалдары, (барлық қамтудың 10,2%)3  Комитеттің орталық аппаратыныңматериалы (0,9%).

ІМАД-де23материал стандарттарға сәйкес келеді және286 материалескертулермен сәйкес келеді деп  танылды.

Естеріңізге сала кетейін, өткен жылдың 9 айында сапаны бақылаумен барлығы 369 аудит материалы қамтылған, оның ішінде 354 ІМАД материалы, оның 34-і (9,6%) Стандарттар мен қағидаларға сәйкес келмейді деп танылған, 23-і (6,5%) - ескертулерсіз сәйкес келеді деп танылған.

Ағымдағы жылдың 9 айындаекінші деңгейдегі сапа бақылауымен орта есеппен ІМАД-нің20-21материалдары қамтылды. Сонымен қатар, аудит нәтижелерін салыстырмалы талдау материалдар сапасының төмендегенін және ішкі аудиттің жалпы стандарттары мен қағидаларына сәйкес келмейтін материалдар санының артқандығын көрсетеді.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, департаменттердің басшыларына:

- Стандарттарға сәйкес келмейтін аудиторлық іс-шаралар жүргізген және оны жүзеге асыруға жауапты, сондай-ақ бірінші деңгейдегі сапаға бақылау жүргізген барлық лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарауды;

- аудиторлық іс-шаралардың сапалы жүргізілуін, аудиторлық есептерді жасалуын және бірінші деңгейдегі сапаны бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз етуді;

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты, толық және объективті қарауды қамтамасыз етуді;

- сапа бақылауын толыққанды жүргізу мақсатында «Ішкі мемлекеттік аудит. Тәуекелдерді басқару жүйесі» кіші жүйесін уақытылы және сапалы толықтыруын қамтамасыз етуді;

  • «Басқару» стандартын іске асыру жүктелген лауазымды тұлғалар мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың барлық кезеңдерінде, оның нәтижелері бойынша аудиторлық есептерді дайындауда, сондай-ақ мемлекеттік аудит нәтижелерін іске асыру процесінде жүйелі бақылау мен бақылауды жүзеге асыру тапсырылды.

Новости
Дата публикации: 20.10.2022
  • 1