«Ішкі мемлекеттік аудит органдары мен Мемлекеттік кіріс органдарының бюджеттік процеске қатысушыларды әкімшілендіру жөніндегі өзара іс-қимыл регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 779 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы жобасына баспасөз хабарламасы

Бұл жоба қолданыстағы регламентке редакциялық өзгерістер енгізуді көздейді, атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер органдары мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган арасында салық құпиясын құрайтын мәліметтерді беру тәртібін реттейтін 5-1-тармақ толықтырылды.
Жобаның мақсаты – Ішкі мемлекеттік аудит органдары мен Мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимыл процесін жақсарту, салық және бюджеттік процестерді әкімшілендіруде автоматтандыру мен ашықтық деңгейін арттыру, сондай-ақ салық операциялары мен ішкі аудит саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейту.
Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 12 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15286763.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 30 қарашаға дейін