Маңғыстау ішкі мемлекеттік аудит департаменті өкілдері Кадралиев Алтай Алматаевич және Кабдрахманова Кунсулу Мендибаевнаның қатысуымен Маңғыстау облыстық сотында 2024 жылғы 1 шілдедегі өзгерістер енгізілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын талқылау мақсатында семинар өтті.
Аталған іс-шараға облыстық соттың судьялары, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Семинар барысында Маңғыстау облыстық сотының Е.Карабаев аталған заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейтініне тоқталды.
Сонымен қатар, 2024 жылғы мемлекеттік сатып алу даулары бойынша әкімшілік істерді қараудың сот тәжірибесін, заңдағы ерекшеліктерді, заңның бірінші блогы сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға, екінші блогы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, үшінші блогы өнім берушілердің жауапкершілігін арттыруға, төртінші блогы бәсекелестікті дамытуға бағытталғанын жеткізді.