СҚО Аққайын ауданында мемлекеттік сатып алу бойынша семинар

СҚО Аққайын ауданында мемлекеттік сатып алу бойынша семинар

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Аққайың ауданының аудан орталығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын түсіндіру және қолдану мәселелері бойынша семинар өткізді. Баяндамашы ретінде Департаменттің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Александр Еремеев сөз сөйледі.

Семинар барысында бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнама нормаларын іс жүзінде қолдану, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ әкімшілік құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері талқыланды.

Семинарға Аққайың ауданының бухгалтерлері, мемлекеттік сатып алу саласының мамандары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және ауылдық округтердің әкімдері қатысты

Оқиға күні

24 шілде 2026

Оқиға түрі

Семинар