Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

На картинке изображены участники семинара

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2026 жылғы 21 мамырда Жетісу облысындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларының қатысуымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің кодтарын дұрыс қолдану мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Іс-шара барысында тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер кодтарын айқындау кезінде жиі жіберілетін бұзушылықтар, оның ішінде сатып алу нысанасын дұрыс айқындамау, қате кодтарды қолдану, сатып алуды жасанды түрде бөлу және әртекті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір лотқа біріктіру мәселелері қаралды.

Семинар қатысушыларына мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары, оның ішінде сатып алу нысанасын дұрыс айқындау, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын қолдану, адал бәсекелестік пен ашықтық қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларға жылдық жоспарлар мен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларды қалыптастыру кезінде ішкі бақылауды күшейту, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің кодтарын қолдану барысында заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету ұсынылды.

 

Оқиға күні

21 мамыр 2026

Өткізу орны

г.Талдыкорган, ул.Шевченко, 168

Оқиға түрі

Семинар

Кіру

бесплатно