Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Онлайн бюджеттік мониторинг» аясында кеңейтілген кеңес отырысы өтті

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Онлайн бюджеттік мониторинг» аясында кеңейтілген кеңес отырысы өтті

         Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Онлайн бюджеттік мониторинг» модульдің жұмыс істеуі және оның нәтижелері, алдын алу шараларының мәнін түсіндіру  бойынша қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қатысуымен 2025 жылдың 16 сәуір күні кеңейтілген кеңес отырысы өткізілді. Әлеуметтік саланың мемлекеттік мекемелерінің басшылары мен есепшілеріне Онлайн бюджеттік мониторинг шараларының превентивтік құрамдас бөлігі бойынша түсіндірмелер берілді, бюджет қаражаттарын негізсіз аударудың анықталған фактілері және оларды жою мәселелері талқыланды. Білім, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау салаларындағы еңбекақы төлеуге бағытталған бюджет қаражатының игерілуін қадағалайды. Жалақыны төлеу мониторингі тұрақты негізде жүзеге  асырылады, мұнда бюджеттік бағдарлама әкімшісін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін) және оның аумақтық органдарын хабардар ете отырып, мониторинг объектісіне хат жолдау арқылы шұғыл шаралар қабылданады. 2025 жылы бүгінгі күні денсаулық сақтау саласында 16,9 млн теңге сомасында 9 тәуекел төлемі бойынша 2 хабарлама хаттар жіберілді, оның ішінде қайтарылуға жататын 13,9 млн теңге сомасына тәуекел расталды, олардың 4,6 млн теңгесі бюджетке өндірілді. Білім бері объектілеріне 194,0 млн теңге сомасына 198 тәуекел төлемдер бойынша 100 хабарламалар жолданды, оның ішінде өндіруге жататын сомасынан 29,6 млн теңгеге қаражатты негізсіз аудару тәуекелі расталды, 21,4 млн теңге өтелді. Мәдениет саласы бойынша 5,8 млн теңгеге 7 тәуекел төлемдері  бойынша 2 хабарлама жолданып, қазіргі таңда зерделенуде. Департамент қызметінің бұл жаңа бағыты мемлекет қаражатының пайдаланылуына бақылауды күшейтуге бағытталған.

Оқиға күні

24 сәуір 2025

Оқиға түрі

Кеңес