«Онлайн бюджеттік мониторинг» бойынша семинар

«Онлайн бюджеттік мониторинг» бойынша семинар

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен 2025 жылғы 23 сәуірде «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КМК, «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» КМК басшыларымен және БАҚ өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Іс шара барысында онлайн бюджеттік мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып, қаржы жымқыру фактілерін анықтау және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мәселелері талқыланды. Мемлекеттік қаражатты тиімді және ашық пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит Комитеті тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген жаңа ақпараттық жүйені енгізді. Аталған жүйе бюджеттік қаражаттың жұмсалуын  онлайн режимде бақылауға  мүмкіндік береді.

          Осы жылдың  сәуір айынан бастап онлайн мониторинг жүйесіне спорт, денсаулық сақтау және мәдениет басқармалары қосымша енгізілді.

          Тәуекелдерге негізделген онлайн мониторингті енгізу-мемлекеттік аудиттің ашықтығы мен тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам. Бұл жүйе мәселелерді ерте анықтауға және бюджет тәуекелдерін басқаруға тиімді құрал ретінде өзін дәлелдеді.

Оқиға күні

24 сәуір 2025

Оқиға түрі

Семинар