«Тексеру және оқыту: аудитті жетілдіруге жаңа қадам»

«Тексеру және оқыту: аудитті жетілдіруге жаңа қадам»

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сондай-ақ, ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерінің сапасын арттыру және Департаменттер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Комитетпен аудиторлардың аудиторлық іс-шараларды жүргізуге дайындығына, сонымен қатар құқықтық қолдану тәжірибесі мәселелері бойынша Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ІМАД тексеру жүргізілді.

Кәсіби білімі мен дағдыларын арттыру мақсатында Комитет өкілдерімен аудиторлық рәсімдерді қолдану, сонымен қатар ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру, әкімшілік тәжірибе және наразылық – талап ету жұмыстарын жетілдіру бойынша техникалық оқыту өткізілді.

Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды, сондай-ақ наразылық – талап талап ету жұмысы мен әкімшілік тәжірибе саласындағы әдістерді қолдану мәселелері талқыланды.

Тексеру және одан кейінгі техникалық оқыту ішкі мемлекеттік аудит жүйесін нығайтуға ықпал етеді, сәйкесінше бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Басталу уақыты

31 наурыз 2025

Соңғы күні

11 сәуір 2025

Оқиға түрі

Дөңгелек үстел