«Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің нәтижелері және оның атқарылуы бойынша өткізілген жиын

«Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің нәтижелері және оның атқарылуы бойынша өткізілген жиын

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен 2025 жылғы 16 сәуірде Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының қоғам мүддесін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Кизекенов А.Б. және БАҚ өкілі, журналист Ежигареева Г. қатысуымен жиналыс өткізілді. Іс-шара барысында онлайн бюджеттік мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып, қаржы жымқыру фактілерін анықтау және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мәселелері талқыланды.

Кездесудің негізгі мақсаты – облыстық прокуратура органдарымен өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін қалыптастыру және бюджеттік заңнаманың сақталуын қамтамасыз етудегі ашықтықты арттыру, сонымен қатар артық немесе заңсыз жұмсалған қаражатты дер кезінде анықтап, бюджетке қайтару.

Жиын қорытындысы бойынша ақпарат алмасу тәртібі нақтыланды, облыстың білім, денсаулық, мәдениет және спорт басқамаларында құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда БАҚ-та жариялау бойынша ортақ іс-қимыл жоспары белгіленді, бюджеттік мониторинг нәтижелерін құқық қорғау органдарына уақтылы жолдау мәселесі пысықталды.

Аталған шара мемлекеттік қаржының тиімді әрі заңды жұмсалуына бақылауды күшейтуге бағытталған. Нәтижесінде Департаментпен 2025 жылдың 1 тоқсанында 809,8 мың тг. соммасында 106 хабарлама жіберілді.

 

Оқиға күні

21 сәуір 2025

Оқиға түрі

Кездесу