Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алудың өзекті мәселелері бойынша семинар өтті

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алудың өзекті мәселелері бойынша семинар өтті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, өңірдегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

Семинар аясында келесі негізгі мәселелер қаралды:

  • Мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шағымдану тәртібі;
  • Бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен сатып алуды жүргізу;
  • Камералдық бақылау кезінде анықталатын негізгі бұзушылықтар;
  • Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер.

Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік сатып алу заңнамасын іс жүзінде қолдануға байланысты өзекті сұрақтарға жауап алды.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыстарын білдіріп, құқықтық сауаттылықты арттыру мен мемлекет пен бизнес арасындағы ашық диалогты дамыту жолындағы осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Оқиға күні

18 сәуір 2025

Оқиға түрі

Семинар