Маңғыстау облыстық сотында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына 2025 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістерді талқылау мақсатында семинар өтті


Іс-шараға облыстық соттың судьялары, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Алтай Кадралиев 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңына төмендегідей енгізілетін өзгерістер туралы айта өтті.
- шағымдану тәртібі өзгерді. Шағымдарды қарау механизмі жаңартылды, Қаржы министрлігінің бақылаушы орган ретіндегі рөлі қайта қаралды. Сатып алуды тез жүргізу, тапсырыс берушілерге үлкен өкілеттіктер беру және сатып алу рәсімдерін созып жіберуді болдырмау мақсатында шағымдар ДВГА тарапынан бақылаусыз, оларды тікелей сатып алу ұйымдастырушысы қарайтын болады.
- Қоғамдық мониторинг. Қоғамдық мониторинг рәсімін енгізуді көздейтін нормативтік акт қабылданды. Жұмыстардың орындалу кестелері мен келісімшарттар орындалуының есептері жалпы қолжетімді болады, сондай-ақ қоғамдық мониторингке қоғамды тарту жоспарлануда. Енді заңда 24-баптың 2-тармағына сәйкес, қоғамдық бақылау субъектілері веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуларды қоғамдық мониторингтеуге құқылы.
- Сатып алу процесінің жеңілдетілуі және мерзімдерінің қысқартылуы. Маңызды емес сатып алуларды бір көзден алу мүмкіндігі беріледі:
- тауарлар 100 МРП-ға дейін (369,2 мың теңге),
- жұмыстар мен қызметтер 500 МРП-ға дейін (1,846 млн теңге).
- Ауылдық әкімдіктер үшін шекті сомалар 3 000 МРП-дан 4 000 МРП-ға дейін ұлғайтылды (14,7 млн теңге). Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін бір көзден сатып алу мүмкіндігі қарастырылған (Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады мыналарды:
дағдарыстық ахуалдарды, төтенше ахуалдардың немесе төтенше жағдайлардың салдарларын болғызбау, оқшаулау және (немесе) жою;)
- Ғылыми ұйымдардың сатып алу тәртібі жеңілдетілді. Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау мақсатында сатып алулар Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін ережелерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік сатып алулардың өткізілмеген деп танылуының негіздері қайта қаралды, бұл рәсімдерді жеңілдетуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Бұрын сатып алу тек бір жеткізуші қатысқан жағдайда өткізілмеген деп танылса, енді жеткізуші біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда онымен шарт жасасуға рұқсат етілетінін айта кетті.
(15-баптың 2-тармағы: мемлекеттік сатып алулар конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізілген жағдайда, егер конкурста немесе аукционда біліктілік талаптарына және (немесе) конкурс құжаттамасы, аукцион құжаттамасына сәйкес бір өтінім ұсынылса, олар өткізілді деп танылады. Осы орайда, жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысушы потенциалды жеткізуші ұсынған баға ұсынысынан (бастапқы бағадан) аспауы тиіс.).
«Тұтас кешенді құрылыс». Бір мердігердің жүзеге асыруы: жобалаудан бастап құрылысқа дейін және объектіні пайдалануға беру. Объектілерді мәслихат бекітеді.
- Үлестест тұлғалар мемлекеттік сатып алуларға қатысуын шектеу шаралары күшейтілді. Бұрын қолданылған шектеулерге қосымша, аффилирленген компанияларға да шектеулер енгізілді.
Бұрын бірінші басшылардың жақын туыстары, жұбайы (жұбайы) немесе сыбайластары сатып алушыны таңдау туралы шешім қабылдауға құқылы болса немесе мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің өкілі болып табылса, олар мемлекеттік сатып алуларға қатыса алмайтын.
Енді мемлекеттік сатып алуларға қатысуға рұқсат етілмейді, егер бірінші басшылардың, құрылтайшылардың, ірі акционерлердің немесе олардың өкілдерінің жақын туыстары, жұбайы немесе сыбайластары сатып алушыны таңдау туралы шешім қабылдауға құқылы болса, немесе мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің өкілі болып табылса. Сондай-ақ, құрылтайшы, ірі акционер және оларға аффилирленген тұлғалар да осы құқыққа ие болмауы тиіс.
Сонымен қатар, семинар барысында Маңғыстау облыстық сотының Е.Карабаев аталған заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейтініне тоқталды. 2024 жылғы мемлекеттік сатып алу даулары бойынша әкімшілік істерді қараудың сот тәжірибесін, заңдағы ерекшеліктерді, заңның бірінші блогы сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға, екінші блогы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, үшінші блогы өнім берушілердің жауапкершілігін арттыруға, төртінші блогы бәсекелестікті дамытуға бағытталғанын жеткізді.
Қорытындылай келе, Департамент өкілдері мен сот өкілдері пікірлер алмасып, әрбір өзгеріске тоқталып, түсіндірме жұмысы жүргізілді.
26 желтоқсан 2024
Маңғыстау облыстық соты
Семинар