Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарына арналған қонақ дәрісі


Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында жоғары білікті мамандарды даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қонақ дәрісі ұйымдастырылды.
"Экономика" мамандығының магистранттарының алдында мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы Қарлыға Жанұзақова және персоналмен жұмыс және ведомстволық бақылау басқармасының бас сарапшысы Гүлмира Аганасова сөз сөйледі.
Дәріс барысында Комитеттің негізгі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүйесіндегі жұмыс перспективалары талқыланды.
Студенттерге Комитетке жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылып, бұл аудиторияның қызығушылығын тудырды.
28 қазан 2024
Академия государственного управления при Президенте РК
Кездесу