Көкпекті ауданының «Куйбышев атындағы негізгі мектебі» КММ-де еңбек және бюджет заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша семинар өткізілді

Көкпекті ауданының «Куйбышев атындағы негізгі мектебі» КММ-де еңбек және бюджет заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша семинар өткізілді

Бүгін Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданының білім бөліміне қарасты «Куйбышев атындағы негізгі мектебі» КММ-де Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің басшысы Думан Сарсембаевтың қатысуымен семинар өтті.

Семинар барысында жалақы төлеу кезінде еңбек және бюджет заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Жиында қолданыстағы құқықтық актілерде белгіленген нормалар мен стандарттардың нақты орындалуына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Думан Сарсембаев барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Ол заңдардың сақталуы тек мемлекеттік талап қана емес, сонымен қатар білім беру мекемелерінің тиімді және адал жұмыс істеуінің кепілі екенін атап өтті.

Оқиға күні

03 қыркүйек 2024

Оқиға түрі

Семинар