Ақтөбе облысында Ішкі мемлекеттік аудиттің тиімділігі мен сапасын арттыру бойынша семинар өтті

Ақтөбе облысында Ішкі мемлекеттік аудиттің тиімділігі мен сапасын арттыру бойынша семинар өтті

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ІАҚ қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл басқармасының қызметкерлері электрондық Ішкі мемлекеттік аудитті жоспарлау және жүргізу, сондай-ақ аудиторлық іс-шаралар материалдарына сапаны бақылау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинарға Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ІАҚ және Ақтөбе облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері қатысты.

ІАҚ және ІІБ қызметін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі басқармасының қызметкерлері Ішкі мемлекеттік аудиттің тиімділігі мен сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берді.

Оқиға күні

24 мамыр 2024

Оқиға түрі

Семинар