Аудиторлық іс-шараларды өткізу кезінде прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Семинар


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 02.04.2024 жылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға аудиторлық қорытынды бекітілгеннен кейін электрондық ақпараттық есепке алу құжатын – талон-хабарламаны уақтылы ұсыну бөлігінде прокуратура органдарымен өзара іс-қимылға қатысты мәселелерді талқылау бойынша семинар өткізді.
Спикер Ермек Асқаров-ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің аға прокуроры, ТСОБТ ақпараттық жүйесіндегі жұмысқа қатысты баяндама жасады.
Семинар барысында қатысушылар тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының қолданыстағы нормалары мен талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы атап өтілді.
03 сәуір 2024
Кездесу