Аудиторлармен техникалық оқыту

Рейтингтік бағалау көрсеткіштерін, сондай-ақ соңғы  бақылауының соңғы қорытындыларын ескеріп, Сапаны бақылау басқармасы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша аудиторлармен және ІМАД қызметкерлерімен техникалық оқу жүргізді. Онда 2023 жылдың өткен кезеңінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеу жағдайларына тоқталып өтті.

Аудиторлық іс-шаралардың материалдары егжей-тегжейлі талқыланып, азаматтардан келіп түскен өтініштерге сәйкес аудит жүргізу жөніндегі мәселелер қаралды. Сонымен қатар, аудиторлардың Стандарттарды бұзуға жол берудің негізгі себептері талқыланды.

Нәтижесінде, бұдан әрі аудиторлардың Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауларын тұрақты бақылау туралы шешім қабылданды.

Оқиға күні

06 қараша 2023

Оқиға түрі

Оқу-жаттығу