Кәсіпкерлер Палатасының алаңындағы кезекті отырыс

Кәсіпкерлер Палатасының алаңындағы кезекті отырыс

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік ұйым емес органдар мен кәсіпкерлердің қатысуымен Палата алаңында өткізілген кезекті отырысына қатысты.

Кеңесте көтерілген мәселелердің бірі «КазСанАудит» ЖШС-нің, «ТМ 07 REGION» ЖШС-нің және «Орал Дез» ЖШС-нің ұжымдық шағымында көрсетілген Тапсырыс берушімен дезинсекциялық қызметтерді сатып алуға мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде әкімшілік кедергілерге жол беретін шарттарды қою мәселесі талқыланды.

Отырыс барысында Кеңес қатысушыларына мемлекеттік сатып алу заңнамасының және камералдық бақылауды жүргізу қағидасының нормаларын түсіндіре отыра, Тапсырыс беруші мен кәсіпкерлердің өкілдеріне орын алып отырған мәселені оңтайлы шешуге ұсыныс беріп, қатысушылардың қойған сұрақтарына толықтай жауап берді.

 
 
 
 
Оқиға күні

05 қазан 2023

Оқиға түрі

Кездесу