О встрече с Уполномоченным по этике


Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұжымы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Тұяқов Бауыржан Орынбайұлымен кездесті.
Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық фактілерінің көбеюіне байланысты мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді сақтау бойынша түсіндірме әңгіме жүргізіліп, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін басшылардың жауапкершілігі мәселелері талқыланды.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшінің оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға құқығы жоқ екені еске салынды.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың орын алуына мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының төмендігі себеп болып, мемлекеттік қызметкерлердің әл-ауқатын жақсарту мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау үшін сыйлықақылар, үстемеақылар мен ынталандыр төлеулергеге әсер ететін әдіс қолданылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Бауыржан Тұяқов Департамент басшылығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қызметтік этика нормаларын мүлтіксіз сақтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
10 қазан 2023
Кездесу