Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметінің қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен кеңесі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметінің қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен кеңесі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылғы 26 шілдеде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен келесі  тақырыптарда кеңес өткізді: "Департамент қызметінің 2023 жылдың бірінші жартыжылдықтағы нәтижелері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік аудит объектісі мекемк басшысының құқықтары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңнамасындағы инновациялар.

Бірінші жартыжылдықта Департамент қызметінің қорытындысы бойынша Департамент басшысы В.Л. Пак баяндама жасады, онда аудиторлық іс-шараларды өткізу барысында анықталған негізгі бұзушылықтар айтылды. Жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің басшысы А.А. Ширажиева "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік аудит объектісі басшыларының құқықтары мен міндеттерін атап өтті.

Камералдық бақылау бөлімінің басшысы А.В. Еремеев кеңеске қатысушыларды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы жаңалықтармен таныстырып, заңнама мен конкурстық құжаттама талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ камералдық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі мен мерзімдері бойынша ұсыныстар берді.

Кеңес барысында спикерлер кеңеске қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

 

 

Оқиға күні

27 шілде 2023

Оқиға түрі

Кеңес