Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» тақырыбында Балқаш ауданы бойынша тапсырыс берушілермен онлайн форматта семинар-кеңес өткізді

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» тақырыбында Балқаш ауданы бойынша тапсырыс берушілермен онлайн форматта семинар-кеңес өткізді

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тақырыбында Балқаш ауданы бойынша тапсырыс берушілермен онлайн форматта семинар-кеңес өткізді.

Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

Бұл ретте (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген) камералдық бақылауды жүргізу қағидаларының 17-тармағының 4) тармақшасына сәйкес конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау бағыттарға, оның ішінде төртінші бағыт бойынша – тауекел бақылау жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 47-бабының 5-тармағында – Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 47-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген мерзім өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарастырылады.                                                                            

Осылайша, тапсырыс берушілер тарапынан осы бағыттағы сұрақтар, яғни өтініштер болды, соған байланысты департамент өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес семинарға қатысушыларға жауап берді.                           

Сонымен қатар, бүгінгі  өткен семинар-кеңестің қатысушыларына жаңашылдықтар туралы ақпарат жеткізілді.

Оқиға күні

26 шілде 2023

Оқиға түрі

Семинар