Қаржылық есептілік аудиті саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша семинар-кеңес

Қаржылық есептілік аудиті саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша семинар-кеңес

Ағымдағы жылдың 17-18  шілдесінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің басшысы Мулдағалиева Г.Б., бюджеттік бағдарламалар әкімшісі «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы», «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемелері және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қатысуымен қаржылық аудит саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша семинар кеңес ұйымдастырды.

Кеңесте  аудит барысында бухгалтерлік есепті жетілдіріліп жатқандығы  қателердің  түзетіліп, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында елеулі бұрмалаушылықтардың алдын алатыны айтылды.

Кеңес соңында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық тәртібінің жағдайын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.

Оқиға күні

20 шілде 2023

Оқиға түрі

Семинар