Абай облысының Үржар ауданында кәсіпкерлер өкілдерімен білім беру мекемелері қатысуымен семинар өтті

Абай облысының Үржар ауданында  кәсіпкерлер өкілдерімен білім беру мекемелері қатысуымен семинар өтті

Семинарға Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Ж.Жұмжүменова қатысты, сондай – ақ Үржар ауданының білім беру мекемемелердің өкілдері және мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына ыстық тамақ жеткізумен айналысатын кәсіпкерлер шақырылды.

Кездесуде Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Ж.Жұмжуменова осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында веб-порталмен жұмыс істеудің негізгі тұстарын, оның ішінде жеке мысалдар келтіре отырып, веб - порталмен жұмыс істеу кезінде ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілер жол берген бұзушылықтар бөлігінде қысқаша айтып өтті.

Семинар қорытындысы бойынша білім беру мекемелерінің өкілдеріне тамақтануды ұйымдастыру ережелерін сақтауға баса назар аудару туралы ұсыныстар берілді.

 

Оқиға күні

23 маусым 2023

Оқиға түрі

Семинар