Ішкі мемлекеттік аудит органы мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл


Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылдың 21 маусымында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Ішкі мемлекеттік аудит органы мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Ақтөбе облыстық прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының қызметкерлері қатысты.
Қызметті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ.Утеуова «Ішкі мемлекеттік аудит органы мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл» тақырыбында баяндама жасап, жұмыс барысында басшылыққа алып отырған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына енгізілген елеулі өзгерістерге тоқталып өтті.
22 маусым 2023
Семинар