Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» тақырыбында мемлекеттік сатып алу басқармаларының қызметкерлерімен және Ұлттық ұлан академиясының әскери бөлімдерінің қызметерлерімен семинар-кеңес өткізілді


Бүгін Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» тақырыбында мемлекеттік сатып алу басқармаларының қызметкерлерімен және Ұлттық ұлан академиясының әскери бөлімдерінің қызметкерлерімен семинар өткізілді.
Камералдық бақылаудың мақсаты, бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңнамасының сақталуын бақылауды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
Семинар барысында бір көзден сатып алу тәсілі және конкурс тәсілі бойынша қатысушылардың қызығушылық танытқан сұрақтарына Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері заңға сәйкес жауап берді.
Бұзушылықтардың негізгі түрлері – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тауар белгілерін көрсете отырып, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу тәсілін заңсыз пайдалану, сондай-ақ қазақ тілінде техникалық ерекшеліктері, сатып алынатын тауарлардың стандарттары көрсетілмейді.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" заңнамасы бойынша бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, басқарма өкілдері мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, бүгінгі өткен семинар-кеңес қатысушыларына көптеген мәліметтер мен ақпараттар жеткізілді.
19 маусым 2023
Семинар