«Қаржылық бұзушылықтардың алдын-алу және қаржылық тәртіпті нығайту» тақырыбында білескен облыстық семинар-кеңес

«Қаржылық бұзушылықтардың алдын-алу және қаржылық тәртіпті нығайту» тақырыбында білескен облыстық семинар-кеңес

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 3 ақпанында Қызылорда қаласында, «Достық Үйінің» мәжіліс залында «Қаржылық бұзушылықтардың алдын-алу және қаржылық тәртіпті нығайту» тақырыбында білескен облыстық семинар-кеңес өтті. Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Облыстық экономика және қаржы басқармасы және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департамент басшылары қатысып баяндама жасады. Семинар кеңеске облыстық қаржылық бақылау органдарының және басқармалардың басшылары, аудандар, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстағы барлық салалар бойынша есепші мамандар қатысты. Семирнар кеңесте Қызылорда облысы бойынша ішкі мемелкеттік аудит департаментінің басшысы Е.Кузембаев және Камералдық бақылау бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудитор С.Ержан баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға баяндамашылар тарапынан толыққанды жауаптар берілді.

Оқиға күні

03 ақпан 2023

Оқиға түрі

Семинар