ҚР ҚМ ІМАК Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тапсырыс берушілердің қатысуымен семинар-кеңес өткізді

ҚР ҚМ ІМАК Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті  тапсырыс берушілердің қатысуымен семинар-кеңес өткізді

Хаттамалық тапсырманы орындау мақсатында 2023 жылғы 03 ақпанда ҚР ҚМ ІМАК Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті  «Электрондық қаржы орталығы» АҚ, «Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңесте мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Оқиға күні

03 ақпан 2023

Оқиға түрі

Семинар