Қаламызды көркейту-ортақ жұмыс


Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері сүйікті қаламызды тазарту жұмыстарымен қоса, абаттандыру және көркейту шараларына да белсене қатысуда. Бүгін Департамент қызметкерлері "Нұр ғасыр" орталық мешітінің жанындағы триатлон саябағында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің құрылғанына 30 жыл толуына орай 30 түп шаған (ясень) ағашын отырғызды. Осылайша, Ақтөбе қаласының бұдан да көрікті қалаға айналуына өз үлестерін қосты. Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Оқиға күні
09 қараша 2022
Оқиға түрі
Басқа