Ішкі аудит қызметтерімен семинар-кеңес


2022 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы қаржы министірлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен (бұдан әрі - ІМАК) Ішкі аудит қызметтерінің қызметінің тиімділігін жетілдіру, құқық қолдану практикасы, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарында құрылған консультативтік-кеңес органдары – мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестердің жұмысын бағалау, мемлекеттік аудиторларды тиімділік аудитін жүргізу тәртібі бойынша оқыту мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізділді.
Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен Ішкі істер министрлігінің полиция департаменттерінің ішкі аудит қызметтері (бұдан әрі - ІАҚ), Қазақстан Республикасы қаржы министірлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің басшылары (өкілдері), «Зерттеу, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС өкілдері қатысты.
Семинар-кеңесте тиімділік аудиті бойынша ІАҚ мамандарын оқытуға 2023 жылға арналған бюджет қаражатын жоспарлау, ішкі мемлекеттік аудит органдарының Үйлестіру Кеңесін құру, Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 462-бабына өзгерістер енгізу, органдар қызметінің тиімділігін бағалау өлшем шарттарын қайта қарау мәселелері талқыланды.


Семинар-кеңестің нәтижелері бойынша барлық ІАҚ аудиторлық материалдарына сапаны бақылау қорытындысының жобасымен мемлекеттік аудиторларды міндетті түрде таныстыру мүмкіндіктерін, ІАҚ-і мамандарын тиімділік аудитіне оқыту, Ішкі мемлекеттік аудит органдарының Үйлестіру Кеңесін құру және оның отырысын өткізу саны, ӘҚБтК нормалары бойынша құқық қолдану практикасын түсіндіруге қатысты ҚР Әділет министрлігінің өкілдерімен бірлескен кеңес өткізу, Ішкі мемлекеттік аудит органдары қызметінің тиімділігін бағалау өлшем шарттарын қайта қарау бойынша
ІАҚ-не ұсыныстарды қарау және ұсыну тапсырылды.
20 қазан 2022
Семинар