Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасының бұзылуына жол бермеу тақырыбында өткізілген кеңес

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасының бұзылуына жол бермеу тақырыбында өткізілген кеңес

2022 жылғы 06 маусым айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасының бұзылуына жол бермеу тақырыбында кеңес өткізді. Кеңеске денсаулық сақтау және білім беру саласындағы тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылардың өкілдері шақырылды. Кеңес барысында мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындау кезінде шешімдер қабылдау тәртібі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы                    № 598 бұйрығымен жүзеге асырылатын сатып алуды өткізу тәртібі түсіндірілді.

Алғашқы болып Департамент басшысының орынбасарлары Ә.Байқуанышов және Ғ.Айтжанова сөз сөйледі және өз кезегінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жиі кездесетін бұзушылықтар бойынша түсініктеме берді. Негізсіз жоғары біліктілік талаптарын белгілеуге жол бермеу, әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарау тәртібі, шартты жеңілдіктерді есептеу туралы түсіндірілді.

Келесі сөз сөйлеген камералдық бақылау бөлімінің бас маман-ассистенті А. Хасенов мемлекеттік аудит объектісінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны мемлекеттік аудит объектісіне оны тапсырған (алған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындауына және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар жою туралы хабарламаны орындамағаны, сондай-ақ тиісінше орындамағаны үшін шаралар туралы хабардар етті.

        Сәйкестік аудиті бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудиторы А.Абишева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен жүзеге асырылатын мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтарын және сатып алуды жүргізу тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ Заңында көзделген қарсылықтарды беру тәртібі мен мерзімдері түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен белгіленген өлшемшарттар бойынша балдарды есептеу бөлігінде түсініктемелер берілді. Балдарды негізсіз есептеу бөлігінде бұзушылықтар жиі кездесетін критерийлерге ерекше назар аударылды.

Нәтижесінде, мемлекеттік аудит объектілеріне алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, көрсетілген ақпаратты назарға алу және қолданыстағы заңнаманың талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттілігі атап өтілді.

 

 

 

Оқиға күні

06 маусым 2022

Оқиға түрі

Кеңес