Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу бойынша жұмысын жүргізу шеңберінде өткізілген семинар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу бойынша жұмысын жүргізу шеңберінде өткізілген семинар

2022 жылғы 15 маусымда Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Алматы облысы әкімдішінің Мемлекеттік сатып алу басқармасымен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу бойынша жұмыс жүргізу шеңберінде "жұмыстарды сатып алу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері" тақырыбы бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы М.Е. Махметов, сондай – ақ ІМАД басшысының орынбасары К.А.Момынов қысқаша баяндама жасады. Бұдан әрі жұмыстарды, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу процесінде туындайтын мәселелер мен проблемалар талқыланды, сондай-ақ оларды шешу бойынша ұсыныстар айтылды.

 

Оқиға күні

20 маусым 2022

Оқиға түрі

Семинар