СҚО бойынша ІМАД мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясымен таныстыру бойынша кеңес өтті


СҚО бойынша ІМАД мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясымен таныстыру бойынша кеңес өтті
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын жетілдіру мақсатында "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.
2022 жылғы 4 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясымен таныстыру бойынша кеңес өтті.
Кеңес өткізу барысында департамент басшысының орынбасары-Әдеп жөніндегі уәкіл Талғат Андасұлы Дүйсенбеков барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті қызметтік әдеп стандарттарын жеткізді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.
Оқиға күні
04 сәуір 2022
Оқиға түрі
Кеңес