Ішкі істер министрлігінің емханасы бар орталық госпиталіндегі аудит қорытындысы

        Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Емханасы бар орталық госпиталі" ММ-де олармен бірге тұратын қызметкерлердің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық көмек алуға құқығы бар құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізді.

         Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша  «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабын бұзғаны анықталды,  атап айтқанда мекеме стационарлық медициналық көмек алған адамдар санаттарының есептік деректерінің анықтығын қамтамасыз етпеген.

       Бұдан басқа, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 70-бабының 4-тармағын бұза отырып, мекеме құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне және онымен бірге тұратын қызметкерлердің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ өзге де пациенттерге 014 «Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражаты есебінен 7 850,1 мың теңге сомасында стационарлық медициналық көмек көрсетті, ал бұл қызметтерге ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асыру тиіс.

       Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.

Жарияланған күні

29 желтоқсан 2021

Жаңарту күні

29 желтоқсан 2021

Жарияланымның авторы