Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі бойынша 2026 жылға арналған ақпараты
Көру саны:8
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінде еңбекақы бойынша мониторинг жүргізуде. 05.11.2026 жылғы жағдай бойынша 9365,0 мың теңге сомасында еңбекақыны асыра бағалау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 1786,7 мың теңге 2023 жылға қатысты 2026 жылы анықталды. Бұзушылықтар жойылды және бюджетке толық көлемде өтелді.
Департамент күн сайын еңбекақыны асыра бағалау, негізсіз төлемдер жасау, жұмыс істелген сағаттар мен мөлшерлемелерді (ставкаларды) қолдан арттыру тәуекелдеріне талдау жүргізеді.
Сонымен қатар Департамент «Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі» ММ-мен, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдармен бірлесіп, мектеп директорлары мен бухгалтерлері үшін «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік қағидалары бойынша кеңес өткізді. Сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт басқармаларымен және олардың ведомствоға қарасты ұйымдарымен кеңес өткізіледі.
06 қараша 2026
06 қараша 2026