№15 «Дарын» бөбекжай-бақшасының аудит нәтижелері

Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі шеңберінде №15 «Дарын» бөбекжай-бақшасында аудиторлық іс-шара өткізді.

Тексеру нәтижелері бойынша бюджет және өзге де заңнама талаптарының 327,3 млн теңге сомасына бұзылғаны анықталды, оның ішінде:

  • қаржылық бұзушылықтар – 0,6 млн теңге;
  • рәсімдік бұзушылықтар – 326,7 млн теңге.

Аудит барысында коэффициентті дұрыс қолданбау салдарынан жалақыны артық төлеу, сондай-ақ қызметкерлердің атқаратын лауазымдары бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі және лауазымдық нұсқаулықтарда көзделмеген міндеттерді орындау фактілері анықталды.

Бұдан басқа, даму жоспарының орындалуы туралы есептерді уақтылы әзірлемеу және бекітпеу, сондай-ақ кірістер мен шығыстар жоспарларына қажетті түзетулерді енгізбеу фактілері анықталды.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйым топтарының белгіленген нормативтік толымдылығынан асып кету фактілері, сондай-ақ топтық үй-жайларды жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларының жекелеген талаптарын бұзу анықталды.

Сондай-ақ есеп саясатын бекітудің белгіленген тәртібінің бұзылғаны анықталды.

Бұдан басқа, материалдық жауапты тұлғада негізгі құралдардың жетіспеушілігі, сондай-ақ ұзақ мерзімді активтердің қорлар құрамында көрсетілуі анықталды.

Сонымен қатар, бухгалтерлік баланс деректерінің банк көшірмесі деректеріне сәйкес келмеуі анықталып, бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соққан. Сондай-ақ қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасыз және басшы мен бас бухгалтердің қолдарынсыз ұсынылғаны анықталды.

Мемлекеттік сатып алу саласында шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауына байланысты тұрақсыздық айыбын өндіріп алу, сондай-ақ өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану жөнінде шаралар қабылдамау фактілері анықталды.

Аудит нәтижелері бойынша Балабақшаға анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі мәселесін қарау туралы нұсқама жолданды.

Кәсіпорын жергілікті бюджет кірісіне 0,3 млн теңгені өтеді және есепке алу арқылы 0,3 млн теңгені қалпына келтірді.

Жол берілген бұзушылықтар үшін 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 2 жауапты тұлғаға сөгіс және ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Жарияланған күні

23 қазан 2026

Жаңарту күні

23 қазан 2026

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты