2026 жылғы 9 айдағы мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген камералдық бақылаудың қорытындылары
Көру саны:8
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) камералдық бақылауды қашықтықтан жүзеге асырады. Бақылау іс-шаралары мемлекеттік аудит объектісіне бармай-ақ, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған мәліметтерді талдау және салыстыру арқылы жүргізіледі.
Камералдық бақылаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу және олардың алдын алу. Сонымен қатар, бұл бақылау мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беріп, көшпелі бақылау іс-шараларының қажеттілігін азайту арқылы әкімшілік жүктемені төмендетуге ықпал етеді.
2026 жылдың 9 айында Департамент қамтуға жататын 23 756 сатып алудың ішінен жалпы сомасы 362,4 млрд теңгені құрайтын 23 605 мемлекеттік сатып алуды (лотты) камералдық бақылаумен қамтыды, бұл 99,4%-ды құрайды.
2026 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Департамент жалпы сомасы 21,7 млрд теңгені құрайтын 1 662 хабарлама жолдады. Аудит объектілерінің ұсынған жауаптарына сәйкес, жалпы сомасы 21,2 млрд теңгені құрайтын 1 573 хабарлама орындалды, бұл жолданған хабарламалардың жалпы санының 94,6%-ын құрайды.
Бақылау нәтижелерін талдау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде жиі кездесетін бұзушылықтардың қатарына конкурс тәсілімен сатып алуды жүргізу кезінде демпингтік бағаны заңсыз айқындау, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілін негізсіз қолдану, конкурстық құжаттамада ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарды көрсетпеу, техникалық ерекшеліктің мемлекеттік тілде болмауы, лицензияның (рұқсаттың) болуы туралы талаптың көрсетілмеуі, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерге Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу жататынын көрсетеді.
22 қазан 2026
22 қазан 2026